«Astana» ӘКК» АҚ шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу жобаларына серіктестерді шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу жобаларына серіктестерді шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) салу жобаларына қаржыландыру бойынша серіктестерді ынтымақтастыққа шақырады.

Қаржыландыру шарттары:

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3%;

Қарыз мерзімі: 84 айға дейін;

Жеңілдік мерзімі: 12 ай.

ШӨА салу жобаларын қаржыландырудың маңызды шарттарының бірі – жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік немесе кешенді ведомстводан тыс оң сараптаманың болуы.

📩 Өтінімдерді мына электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз: info@astana-spk.kz

Қаржыландыру 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №693 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Posted in Жаңалықтар on Jan 13, 2025