2019 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №693 бұйрығымен бекітілген шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, шағын өнеркәсіптік аймақтарды (бұдан әрі – ШӨА) құру ШӨА құруға мүдделі өтініш берушінің бастамасымен жүзеге асырылады. Өтініш Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес әзірленіп, ШӨА құру тұжырымдамасымен (бұдан әрі – Тұжырымдама) бірге қоғамның атына жолданады.
Шағын өнеркәсіптік аймақ құру тұжырымдамасы мыналарды қамтиды:
-
шағын өнеркәсіптік аймақты құру мақсаттары;
-
шағын өнеркәсіптік аймақтың әлеуетті жобаларының тізімі (бар болған жағдайда);
-
шағын өнеркәсіптік аймақты салуға қажетті қаржыландыру есептері;
-
шағын өнеркәсіптік аймақтың орналасу схемасы;
-
шағын өнеркәсіптік аймақ аумағының эскиздік жобасы.
Қағидаларға сәйкес, ШӨА өтініш берушінің меншігіндегі немесе жерді пайдалану құқығы негізінде иелігінде бар жер учаскелерінде, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтарда, жеке немесе мемлекеттік республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар аумақтарында құрылады.
Сонымен қатар, ШӨА:
-
нақты белгіленген шекаралары бар аумаққа ие;
-
жаңа ШӨА құрылысы, бар жылжымайтын мүлік кешенін кеңейту кезінде, аумағы кемінде 1500 (бір мың бес жүз) шаршы метрді құрайды;
-
ШӨА өндірістік үй-жайларының жалпы ауданына қарамастан, кемінде 80%-ы әлеуетті резиденттерге беріледі;
-
пайдалануға жарамды, шектеулер мен заңды талаптарсыз болуы тиіс;
-
елді мекенге жақын орналасқан немесе көлік қолжетімділігі бар аумақта болуы қажет.
Өтінімдер "Аstana" ӘКК" АҚ-тың электрондық поштасына жіберіледі: info@astana-spk.kz.