Ұлттық ақпараттық-талдау орталығы жүргізген 2023 жылғы салалық талдау қорытындысы бойынша "Astana "ӘКК" АҚ "Сенімді және әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар тізіліміне" енгізілгенін қуана хабарлаймыз.
Аналитикалық зерттеу ЭҚЖЖ 64.20.0 саласында жұмыс істейтін Астана қаласы өңірінің кәсіпорындары арасында саланың үздік серіктестерін, жеткізушілерін және көшбасшыларын анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеудің негізінде Ұлттық статистика бюросының, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу" порталының және басқа да ақпараттық көздердің ресми деректері жатыр.
"Astana" ӘКК" АҚ тұрақты көрсеткіштері, даму динамикасы және маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлі үшін жоғары баға алды. Осының арқасында біздің компания "Сала игілігі 2023" ТМ бағдарламасына ұсынылды.