«Astana» ӘКК» АҚ өзінің меншігіндегі пәтерлерді сатуға арналған электронды саудаға қатысуға өтініштер қабылдауды бастағанын хабарлайды. Өтініштер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы 2024 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 24 қыркүйекке дейін қабылданады.
Аукционға Нура ауданы, Тұран көшесі, №39А үйінде орналасқан келесі пәтерлер қойылған:
- №71 пәтер, ауданы 44,5 ш.м., 14-қабат, 1 бөлмелі, бастапқы бағасы 27 363 429 теңге.
- №168 пәтер, ауданы 71,8 ш.м., 9-қабат, 2 бөлмелі, бастапқы бағасы 41 269 636 теңге.
- №59 пәтер, ауданы 44,4 ш.м., 12-қабат, 1 бөлмелі, бастапқы бағасы 27 301 938 теңге.
Аукцион 2024 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де gosreestr.kz веб-порталында өтеді. Саудаға қатысқысы келетіндер электронды сауда регламентімен таныса алады.
Өтініштерді қабылдау және аукцион өткізу бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 5-25-05 немесе +7 (702) 244-33-75, сондай-ақ info@astana-spk.kz электрондық пошта арқылы.
Ескерту: Екінші аукцион активтерді екі жылға дейін бөліп төлеу шартымен өткізіледі, бастапқы жарна актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз ретінде ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы танылады.