«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерді Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) бағаны көтеруге арналған аукцион арқылы сатуға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
2025 жылдың 21 ақпанында сағат 08:00-ден 11 наурызында сағат 08:00-ге дейін барлық тілек білдірушілер аукционға қатысуға өтінімдер бере алады. Аукционның өзі 2025 жылғы 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.
Жылжымайтын мүлік нысандары Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінде орналасқан және әртүрлі ауданы мен жоспарлануы бар пәтерлерді қамтиды:
1 бөлмелі пәтерлер 39,2 ш.м-ден 41,9 ш.м-ге дейін;
2 бөлмелі пәтерлер 51,5 ш.м-ден 73,8 ш.м-ге дейін;
3 бөлмелі пәтерлер 76,1 ш.м-ден 95,3 ш.м-ге дейін.
Әр объекті туралы толығырақ ақпарат пен электронды сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан мына сілтеме бойынша табуға болады.
Конкурсты өткізу, өтінімдерді қабылдау бойынша сұрақтар қою үшін «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс ақпараты: тел. 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2 қабат, 241 каб. Электронды мекенжайы: info@astana-spk.kz.
Электронды порталдың техникалық қолдауы: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.