«Astana» ӘКК» АҚ пәтерлерді аукцион арқылы сату үшін өтінімдерді қабылдауды бастады

«Astana» ӘКК» АҚ пәтерлерді аукцион арқылы сату үшін өтінімдерді қабылдауды бастады

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) бағаны көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион арқылы сату үшін өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.

Жылжымайтын мүлік нысандарының сипаттамасы:

  1. Астана қ., Нұра ауданы, Күлтегін көш., №10 үй, №227 пәтер, 42,6 ш.м, 1 бөлмелі, бірінші әрлеу, 2 қабат – бастапқы бағасы 18 421 816 теңге.

  2. Астана қ., Нұра ауданы, Қабанбай батыр көш., №57/2 үй, №346 пәтер, 75,2 ш.м, 3 бөлмелі, бірінші әрлеу, 1 қабат – бастапқы бағасы 23 318 091 теңге.

  3. Астана қ., Нұра ауданы, Е429 көш., №6 үй, №45 пәтер, 70,6 ш.м, 2 бөлмелі, бірінші әрлеу, 2 қабат – бастапқы бағасы 28 618 769 теңге.

  4. Астана қ., Нұра ауданы, Е429 көш., №6 үй, №4 пәтер, 63 ш.м, 2 бөлмелі, бірінші әрлеу, 2 қабат – бастапқы бағасы 25 537 995 теңге.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 27 желтоқсан сағат 08:00-ден 2025 жылғы 14 қаңтар сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Аукцион 2025 жылғы 14 қаңтарда сағат 10:00-де 100% төлем шартымен бағаны көтеру әдісі бойынша өткізіледі.

Электрондық сауда-саттық өткізу тәртібімен сілтеме бойынша танысуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Dec 30, 2024