"Astana" ӘКК" АҚ: Orbis Kazakhstan компаниясымен серіктестік

"Astana" ӘКК" АҚ: Orbis Kazakhstan компаниясымен серіктестік

"Astana" ӘКК" АҚ мен Orbis Kazakhstan елорданың дамуы мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

Арнайы техника өндірісі: Orbis Heavy Machinery еншілес компаниясымен бірге Астана қаласында KIA маркалы жүк автокөліктерін ұсақ тораптық құрастыру зауыты ашылды.

  • Өндіріс қуаттылығы: жылына 10 000 техника
  • Жұмыс орындары: 240 адам
  • Өндіріс алаңы: 9,5 мың м²

Orbis Kazakhstan — 2001 жылы құрылған көпсалалы компания, экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін ондаған кәсіпорынды біріктіреді.

Бұл жоба — жаңа жұмыс орындары, инфрақұрылымды дамыту және елорда экономикасына инвестиция тартудың үлгісі. "Astana" ӘКК" АҚ елорданың тұрақты дамуы мен өркендеуіне бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Posted in Жаңалықтар on Dec 25, 2024