"Astana" ӘКК" АҚ өндірістік үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен жалға алуға ниетті әлеуетті жалға алушыларды іздейді

"Astana" ӘКК" АҚ өндірістік үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен жалға алуға ниетті әлеуетті жалға алушыларды іздейді

"Аstana" ӘКК" АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу қажеттілігін зерттеп жатыр.

Қазіргі уақытта Қоғам Астана қаласы, Алматы ауданы, Ақтекше көшесі, 1 мекенжайында шағын өнеркәсіптік аймақ құру туралы өтінішті қарастыруда.

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, оның әлеуетті резиденті 2-қосымшаға сәйкес шағын өнеркәсіптік аймақ резиденті болуға өтінімді жергілікті атқарушы органға келесі құжаттар топтамасымен бірге тапсыруы қажет:

  1. заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

  2. мемлекеттік кірістер органында тіркелген берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер;

  3. жобаға арналған бизнес-жоспар.

Кеңес алу және толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9-үй, телефон: 8 (7172) 23-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Apr 18, 2025