"Astana" ӘКК" АҚ ӨНДІРІСТІК ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТПЕН ЖАЛҒА АЛАТЫН ӘЛЕУЕТТІ ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫ ІЗДЕЙДІ

"Astana" ӘКК" АҚ ӨНДІРІСТІК ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТПЕН ЖАЛҒА АЛАТЫН ӘЛЕУЕТТІ ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫ ІЗДЕЙДІ

"Аstana" ӘКК" АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу қажеттілігін зерттеуде.

Қазіргі уақытта "Astana" ӘКК" АҚ келесі мекенжайлар бойынша шағын өнеркәсіптік аймақтар құруға арналған өтінімдерді қарастыруда:

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, С-309 көшесі, учаске 16

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А. Пушкин көшесі, учаске 80

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, әлеуетті резидент 2-қосымшаға сәйкес шағын өнеркәсіптік аймақтың резиденті болуға өтінім беруі тиіс. Өтінімге келесі құжаттар топтамасы қоса тіркеледі:

  1. заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

  2. мемлекеттік кірістер органында тіркелген берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер;

  3. жобаның бизнес-жоспары.

Кеңес алу және толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9-үй, Телефон: 8 (7172) 23-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Apr 25, 2025