«Astana» ӘКК» АҚ өндірістік ғимараттарды жеңілдікпен жалға алу бойынша әлеуетті жалға алушыларды іздеуде

«Astana» ӘКК» АҚ өндірістік ғимараттарды жеңілдікпен жалға алу бойынша әлеуетті жалға алушыларды іздеуде

«Astana» ӘКК» АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік ғимараттарды жеңілдікпен жалға алу қажеттілігін зерттеуде.

Қазіргі уақытта «Astana» ӘКК» АҚ мына мекенжайлар бойынша шағын өнеркәсіптік аймақтар құру жөніндегі өтінімдерді қарастыруда: • Астана қаласы, Индустриялық парк, №101 және А344 көшелерінің қиылысы; • Астана қаласы, Алматы ауданы, Актекше көшесі, 1 ғимарат; • Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, С-309 көшесі, 16 учаске.

Шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру және олардың қызмет ету ережелеріне сәйкес, шағын өнеркәсіптік аймақтың әлеуетті резиденті қосымша 2 қосымшаға сәйкес шағын өнеркәсіптік аймақтың резиденті болу туралы өтінімді жергілікті атқарушы органға келесі құжаттар топтамасымен бірге жолдайды:

  1. заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы (заңды тұлғалар үшін);

  2. мемлекеттік кірістер органында есепке алынатын берешектің бар (жоқ) екені туралы мәліметтер;

  3. жобаның бизнес-жоспары.

Кеңес алу және толық ақпарат алу үшін мына мекенжайға жүгінуді сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9 үй, телефон: 8 (7172) 23-53-35.

Қосымша

Posted in Жаңалықтар on Jan 30, 2025