2024 жылғы 18 қазан күні «ASTANA» ӘКК» АҚ компаниясының күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада компанияның жетістіктері туралы айтылып, үздік департаменттер, жеке қызметкерлер және оларды тәрбиелеген ата-аналар арнайы марапатталды.
Мерекелік жиында компания басшылығы өткен жыл ішіндегі табыстар мен негізгі жетістіктер туралы атап өтті.
Шара барысында өз жұмысына ерекше еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталды. Үздік департаменттер мен жауапкершілік, еңбекқорлық танытқан қызметкерлердің еңбегі ескеріліп, марапатталды. Биылғы жылы «ASTANA» ӘКК» АҚ компаниясы бірегей форматта өз қызметкерлерінің ата-аналарына да алғыс білдіріп, осындай талантты, адал мамандарды тәрбиелегендері үшін ерекше құрмет көрсетті.
Компания күні бірлікті көрсеткен маңызды және әсерлі шараға айналып, әрбір адамның ортақ іске қосқан үлесі жоғары бағаланды.