«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) коммерциялық мақсатта пайдаланылатын бос үй-жайларды жалға беру үшін өтініштер қабылдауды бастады. Өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 31 қаңтар күні сағат 08:30-да басталып, 2025 жылғы 17 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.
Жалпы ақпарат: Арендаға берілетін 70 түрлі үй-жай тізіміне Астана қаласының «Шығыс», «Столичный», «Талисман» және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі келесі мекенжайлардағы нысандар кіреді:
Сығанақ көшесі,
Е-15 көшесі,
Абай даңғылы,
Е-12 көшесі және басқа мекенжайлар.
Аренда шарттары:
Жалға беру мерзімі: 5 жыл
Ғимаратты жөндеуге арналған жеңілдікті кезең: 2 айдан 4 айға дейін (осы кезеңде жалдау ақысы айлық төлемнің тек 10%-ын құрайды)
Өтінішті қабылдау тәсілі: құжаттардың сканерленген нұсқасы info@astana-spk.kz электронды поштасына жіберіледі
Үй-жайлар үлгілері:
№1 лот: «Шығыс 1 А» ТК, Сығанақ көшесі, 18-үй, НП-1 үй-жайы Ауданы: 32,8 ш.м, қара өңдеу Бастапқы құны: 22 960 теңге Кепілдік жарна: 22 960 теңге
№14 лот: «Шығыс 1 В» ТК, Сығанақ көшесі, 14-үй, НП-5 үй-жайы Ауданы: 151,9 ш.м, қара өңдеу Бастапқы құны: 136 710 теңге Кепілдік жарна: 136 710 теңге
№69 лот: «Талисман» ТК, 767-көше, 11-үй, НП-8 үй-жайы Ауданы: 136,8 ш.м, қара өңдеу Бастапқы құны: 259 920 теңге Кепілдік жарна: 259 920 теңге
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
-
Тіркеу құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар мен ЖК үшін)
-
Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат
-
Ағымдағы шоттың бар екенін растайтын банк анықтамасы
-
Белгіленген формадағы өтініш
Кеңес алу үшін байланыс деректері:
Телефондар: +7 (7172) 55-25-05, +7 (702) 244-33-75
Мекенжай: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 9-үй
Электрондық пошта: info@astana-spk.kz
Толығырақ ақпаратты www.astana-spk.kz ресми сайтынан алуға болады.