«Astana» ӘКК» АҚ мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалға алу бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Жалға беру «Astana» ӘКК» АҚ-ның өз мүлкін және сенімгерлік басқарудағы коммуналдық мүлікті жалға беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағаны көтеру бойынша тендер шеңберінде келесі үй-жайлар ұсынылады:
-
Орналасқан жері Астана қ., Есіл ауданы, А.Бөкейхан к-сі, 25Б, н.п.5
Аумағы 135,4 ш.м.
Сипаттамасы жертөле қабаты, қара өңдеу
Бастапқы бағасы 500 980 теңге
Жөндеу жұмыстарына арналған жеңілдік кезеңі 3 ай
Жалға алу мерзімі 5 жыл -
Орналасқан жері Астана қ., Есіл ауданы, А.Бөкейхан к-сі, 25Б, н.п.10
Аумағы 164,1 ш.м.
Сипаттамасы жертөле қабаты, қара өңдеу
Бастапқы бағасы 607 170 теңге
Жөндеу жұмыстарына арналған жеңілдік кезеңі 3 ай
Жалға алу мерзімі 5 жыл
Тендерге қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 28 тамызында сағат 08:00-ден 2024 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 08:00-ге дейін www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қабылданады. Тендер 2024 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 10:00-де өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін «Astana» ӘКК» АҚ-ға 8(7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75 телефондары немесе info@astana-spk.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.