Нұр-Сұлтан қаласы халқының өмірін жақсарту, қалалық ортада оң өзгерістерге қол жеткізу және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды тиімді басқару мақсатында «Astana «ӘКК» АҚ инвестициялық жобалары шеңберінде салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу жөніндегі Комиссия құрылды. Оның құрамына: Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының депутаттары @tussupov.s.01, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі, сондай-ақ «Amanat» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы @amanat_nur_sultan кірді.
4-5 тамыз аралығында Комиссия инвесторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Astana «ӘКК» АҚ-мен жасалған келісімдерде/шарттарда көзделген міндеттемелерді орындауы мәніне және бірқатар инвестициялық жобаларға (объектілерге) мониторинг жүргізді.
Инвесторлардың инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы есептері тыңдалды, аумақтарға (объектілерге) тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ, инвесторлардың проблемалық мәселелері Комиссия жұмысына қабылданды.
Аталған жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.