«ASTANA» ӘКК» АҚ ЕЛОРДАНЫҢ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ КЕЛБЕТІНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА СТАЦИОНАРЛЫ ЕМЕС САУДА НЫСАНДАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«ASTANA» ӘКК» АҚ ЕЛОРДАНЫҢ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ КЕЛБЕТІНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА СТАЦИОНАРЛЫ ЕМЕС САУДА НЫСАНДАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жуырда қаланың бекітілген дизайн-кодына сай келмейтін павильон бұзылды. Бұл нысан елордадағы көшедегі сауда объектілеріне қойылған түс гаммасы, құрылыс материалдары мен жалпы стиль талаптарына сәйкес келмеді.

«1000 орын – көше саудасы» жобасына қатысушылардың барлығы қалалық тұжырымдама аясында бекітілген талаптарға сәйкес павильондарды орналастыру және олардың сыртқы көрінісі талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда келісімшартты біржақты бұзу және сауда нысанын демонтаждау мүмкін.

Осыған байланысты, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беру қағидаларында белгіленген мерзімдер мен шарттарды сақтау қажеттігін ескертеді.

Сауда павильонын орнату мерзімі:
▪️ Қағидалардың 38-тармағына сәйкес, жалға алушы шарт жасалған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кешіктірмей «НИПИ «Астанагенплан» ЖШС-мен келісілген эскизге сәйкес сауда павильонын орнатуға міндетті.
▪️ 26-тармаққа сәйкес, белгілі бір азаматтар санаты (оның ішінде көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және басқа да әлеуметтік осал топтар) шарт жасалған күннен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен кешіктірмей павильон орнатуы тиіс. Бұл мерзім ішінде сауда нысанын орнату міндетті емес.

Қағидалардың 50-тармағына сәйкес, Қоғамның шартты біржақты бұзу негіздері:

Жалға алушының шағым хатында көрсетілген мерзімде бұзушылықтарды жоймауы.

Жер учаскесін үшінші тұлғаларға жалға беру.

Жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау.

Сауда нысанын Қоғамның ресми сайтында орналастырылған және «НИПИ «Астанагенплан» ЖШС-мен келісілген үлгілік эскиздік жобаға сәйкес келмей орнату, сондай-ақ Қоғамның логотипін орнатпау (жер учаскесінің жалға алушыға тиесілігін көрсететін белгі).

Қоғам барлық жалға алушыларды бекітілген қағидаларда көрсетілген талаптарды сақтауға шақырады. Бұл — Астана қаласындағы көше саудасы объектілерінің бірізді архитектуралық келбетін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу үшін маңызды.

Posted in Жаңалықтар on Apr 16, 2025