«Astana» ӘКК» АҚ елордаға инвесторларды тартуда

«Astana» ӘКК» АҚ елордаға инвесторларды тартуда

Жыл сайын елордаға салынған инвестициялар көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының дамуы үшін жылына шамамен 1 трлн. теңге инвестициялар тартылуда. Жергілікті кәсіпкерлер салатын ішкі инвестициялардан басқа, қала дамыған инвестициялық орта және бизнесті жүргізу мүмкіндіктерімен шетелдік кәсіпкерлерді де қызықтырады. Инвестициялық бастамалар мен инвестициялық қаражатты арттыруда «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы маңызды рөл атқарады.

Инвестициялық жобалар – «Astana» ӘКК» АҚ жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

ӘКК жақын арада 84 нысан салуды жоспарлап отыр. Корпорация тартқан инвестициялардың жалпы сомасы - 297,5 млрд.теңге.

Бүгінгі таңда «Astana» ӘКК» АҚ инвесторлармен бірлесіп, 15 идеяны іске асырды. Бұл идеяларды инвесторлар толық қаржыландырды.

Қазір 69 жоба іске асырылу сатысында. Олардың 20-сы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жақын арада елордада жаңа спорт орталығы, фитнес орталық, шағын футбол алаңы кешені, аз қабатты тұрғын үй кешендері, автокешендер, ЖҚС пайда болады. ӘКК осы ғимараттар мен құрылыстардың барлығын инвесторлық қаражаттың көмегімен салады.

Осындай идеяларды іске асыру нәтижесінде қала бюджеті салық аударымдары түрінде түсімдер алады, жұмыс орындары құрылады, инвестициялық ахуал жақсарады және өңірдің инвестициялық тартымдылығы өседі. Бұл «Astana» ӘКК» АҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Posted in Жаңалықтар on Jun 14, 2021