"Astana" ӘКК" АҚ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырады. Компания келесі бағыттар бойынша құрылыс жобаларын іске асыруды ұсынады:
Спорттық нысандар;
Жабық автотұрақтар;
Денсаулық сақтау нысандары;
Өндірістік базалар;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 Қаулысымен айқындалған басқа да бағыттар.
Басты шарттар:
Инвестордың бекітілген формадағы өтінімі;
Дайындалған бизнес-жоспар;
Қаржы қаражатының барын растау.
Өтінімдерді қарау тәртібі "Astana" ӘКК" АҚ Басқармасы бекіткен инвестициялық жобаларды қарау және жүзеге асыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Өтінімдеріңізді eOtinish бірыңғай платформасы арқылы жіберуіңізді сұраймыз.
Байланыс ақпараты: Қала: Астана, Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 2-қабат, 244-кабинет. Телефон: +7 7172 23 53 35.