«Astana» ӘКК» АҚ басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі

«Astana» ӘКК» АҚ басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі

«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу тәртібі туралы хабарлайды.

Өтініштерді келесі тәсілдермен беруге болады:

  1. Телефон арқылы

Жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (7172) 55-28-28 нөміріне қоңырау шалыңыз.

  1. Офиске тікелей жүгіну арқылы

Өтінішті кеңсеге келіп беруге болады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат, 237-кабинет.

  1. Е-Өтініш платформасы арқылы

Азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің Бірыңғай платформасы арқылы өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Е-Өтініш платформасына өтіңіз.

  2. «Өтініш беру» бөлімін таңдаңыз.

  3. Өтініш түрін таңдаңыз — «Жеке қабылдауға өтініш ЖК/ЗТ».

  4. «Мемлекеттік орган» жолына «Astana» ӘКК» АҚ атауын енгізіңіз.

  5. Өтінішіңіздің мәнін сипаттаңыз.

  6. Қабылдау өтетін нақты мекенжайды көрсетіңіз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9.

  7. Өтініш тілін таңдаңыз.

  8. Өтінішті жіберіп, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Қосымша ақпарат алу немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, көрсетілген телефон нөміріне хабарласыңыз.

Posted in Жаңалықтар on Feb 04, 2025