«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Кельдибаев Темирлан Рахатович «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады.

Кельдибаев Темирлан Рахатович «Astana» ӘКК» АҚ-да 2019 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде әртүрлі лауазымдарды атқарды:

• 2022 жылдың тамыз айынан бастап - «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;

• 2022 жылғы қаңтардан бастап - «Astana» ӘКК» АҚ активтер мен стратегия жөніндегі Басқарушы директоры;

• 2019 жылғы тамыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы;

• 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың қаңтарына дейін – Активтерді басқару департаментінің менеджері.

Еңбек жолын 2016 жылы бастаған. «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ-да, Барселона қаласындағы Қазақстан Республикасының Консулдығында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді.

Магистр дәрежесін Graduate School of Management in Barselona (Испания) университетінде «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша алған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Экономист» мамандығы бойынша «Экономика» факультетін бітірген.

Posted in Жаңалықтар on Aug 25, 2022