«Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мәскеуде өткен 2-ші Каспий экономикалық форумына қатысты.

«Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мәскеуде өткен 2-ші Каспий экономикалық форумына қатысты.

«Astana» ӘӘК» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Келдібаев Темірлан Рахатұлы Мәскеуде 2-ші Каспий экономикалық форумы алаңында өткен Каспий өңірі елдерінің қалалары мен муниципалитеттері басшыларының практикалық конференциясына қатысты. Форум бағдарламасында «жасыл экономика» және тұрақты даму, IT саласындағы көлік-логистика, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика және туризм, ғылыми және мәдени даму салаларындағы кең ауқымды өзекті мәселелер қозғалды.

Мәскеу қалалық әкімшілігіне сапар барысында Ресейдегі ең ірі және Мәскеудегі бірінші ауыл шаруашылығы кластері «Фуд Сити» көтерме сауда орталығына бару кжоспарланды. КСО «Фуд Сити» Мәскеудің азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі буыны болып табылады, онда мыңдаған жеткізушілер өз өнімдерін сатады. Бұл ретте КСО жаңа өнімді сақтау, сату алдындағы дайындау, тасымалдау және көтерме саудада көмек көрсету қызметтерін орталықтандыру мәселесін шешеді. Бұл сапар барысында азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саудасы саласындағы екіжақты тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді, және де, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Астана қаласына келуге шақырту ұсынылды.

Posted in Жаңалықтар on Oct 07, 2022