"Astana" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасына алғыс хат табысталды

"Astana" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасына алғыс хат табысталды

«Чувствуя жизнь» қоғамдық қоры "Astana" ӘКК" АҚ-ға көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысын білдірді. Қордың төрағасы Сексенбай Исильбаев Басқарма төрағасы Баймұқаш Бауржан Серікұлына алғыс хатты өзі табыстады.

IMG_20240909_100709.jpg

Алғыс хатта компанияның қолдауы арқасында қор "Showdown" ойынына арналған арнайы үстелді сатып алғаны атап өтілді. Бұл құрылғы балаларға физикалық белсенділікке жол ашып, оларға жаңа мүмкіндіктер мен қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, қор бұрын Астана қаласы әкімдігі мен Astana" ӘКК" АҚ-нан өз қызметін жүзеге асыру үшін арнайы ғимарат алғанын атап өткен жөн. Бұл қордың дамуына үлкен үлес қосты.

IMG_20240909_100945.jpg

«Чувствуя жизнь» қоғамдық қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде көру қабілеті нашар балаларды қолдаумен айналысады. "СПК Astana" АҚ-мен бірлескен жобалардың арқасында балалардың өмір сүру сапасы жақсарып, оларға тең мүмкіндіктер беріледі.

18 қазанда сағат 11:00-де көру қабілеті нашар жандарға арналған «Ақ таяқ» шарасы ұйымдастырылады. Іс-шара зағип жандардың мәселелеріне назар аударуға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Posted in Жаңалықтар on Sep 09, 2024