«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу оффлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Мәселелерді шешу және ашық диалог орнату мақсатында өткен кездесуде тұрғындар өзекті тақырыптарына жауап алды.

Төраға қабыдауында бірінші болып Егорова Анастасия Андреевнаның («Fitness Olimp» ЖШС) мәселесі қаралды. Ол жер учаскесін сату жөніндегі өтінішке жауап алу үшін жүгінді. Ал елордалық тұрғын Байбосынов Қаршыға Ахатұлы («Gazprom Invest» ЖШС) көкөніс қоймасы бар коммуналдық базар салуды ұсынды. Қабылдаудың келесі қонағы Илипова Адина «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы аясында жер телімін жалға беру жөнінде өтініш білдірді.

Азаматтар тарапынан айтылған ұсыныстар мен тілектер қабылданып, қарастыруға алынды. «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды тыңдай келе, олардың мұқтаждықтарын заң аясында қарап, мәселелерін оңтайлы шешуге ықпал етуге тырысатынын айтты.

Posted in Жаңалықтар on Jul 08, 2022