2020 жылғы 08 маусымда «Astana» ӘКК» АҚ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы балалар көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.
Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру және Абай шығармашылығына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Суреттер компания қызметкерлерінің балаларынан үш жас категориясы бойынша қабылданды: «Балдырған» 3-5 жас, «Жас өркен» 6-10 жас, «Жас самұрық» 11-15 жас. Барлық қатысушылар белсенділік танытқандары үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
«Astana» ӘКК» АҚ фойесінде импровизацияланған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан барлық балаларға, ата-аналарға және «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!