«Astana» ӘКК» АҚ 2020 жылы жалпы сомасы 54 млрд. теңгеге жуық азаматтық және коммерциялық құрылыс, спорт және денсаулық сақтау, тауарлар мен қызметтер, көлік инфрақұрылымы және білім беру салаларындағы 24 жоба бойынша 24 бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойды.
Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде қаржыландырылуы толығымен тартылған инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ӘКК «бір терезе» қағидаты бойынша сұралып отырған жер учаскесі мемлекеттік меншікте болған жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жер учаскесін ресімдейді және оны инвесторға беруді қамтамасыз етеді.
Инвестор өз кезегінде шарттық қатынастар шеңберінде өз есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын және пайдалануды жүзеге асырады, сондай-ақ барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Жобаларды ӘКК-мен бірлесіп іске асыру инвесторға жер учаскесін ресімдеуге уақытты және жобаға жер учаскесін ресімдеумен айналысатын адамдарды не ұйымдарды жалдау бойынша ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жер учаскесін ресімдеу процесі шеңберінде уәкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен түрлі келісу бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әуре-сарсаңға салуды болдырмайды.
«Astana» ӘКК» АҚ-мен инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру туралы толық ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24, «Аффари» БО немесе келесі телефондар арқылы да білуге болады: +7 (7172) 55-29-93, +7 (7172) 61-35-54.