«Antikor ortalyǵy» алаңында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қызметі жайлы сұхбат өтті

«Antikor ortalyǵy» алаңында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қызметі жайлы сұхбат өтті

«Antikor ortalyǵy» алаңының Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметі, жоспарлары мен дамуы жайлы онлайн сұхбат өтті.

Сұхбат барысында еншіліс ұйымдарды басқару; меншіктік және коммуналдық мүлікті басқару; инвестициялық жобаларды іске асыру; тұрақтандыру қоры; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; «1000 орын-көше саудасы» аймақтық бағдарламасына қатысу жайлы айтылды.

Бүгінгі күні «Astana» ӘКК» АҚ-ның корпоративтік құрылымына жарғылық капиталға 50 және одан да көп қатысу пайызымен 16 ұйым кіреді. Еншілес ұйымдарды басқару бөлігіндегі негізгі міндеттер мыналар болып табылады: қаржылық тұрақтылықты нығайту, қаржылық балансты қамтамасыз ету, қаржы құралдарына (лизинг, кредиттік желілер) қол жеткізуді жеңілдету.

«Astana» ӘКК АҚ меншіктегі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сенімгерлік басқаруға берген коммуналдық мүлікті тиімді басқаруды жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық қызметке арналған тұрғын емес үй-жайлар аукцион арқылы беріледі. Сұранысы жоғары үй-жайларға ағылшын әдісімен; сұранысы төмен үй-жайларға голланд әдісімен өткізіледі.

Сонымен қатар, Қоғам инвесторлармен бірлесіп, жер учаскелерін беру жолымен инвестициялық жобаларды іске асырады.

Бүгінгі таңда «Astana» ӘКК» АҚ жалпы сомасы 400 млрд.теңгені құрайтын 94 жобаны жүзеге асыруға қатысуда. Ағымдағы жылдың 5 айында жалпы сомасы 27,5 млрд. теңгеге 10 жоба бойынша бірлескен қызмет туралы шарттар жасалды.

Қоғам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жолымен Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.

Бағаны тұрақтандыру – тұрақтандыру қоры арқылы; қарыздар беру арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар беру тетігі аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Қоғамға кейіннен кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыздар береді. Бүгінгі күні сауда желілеріне 2,4 млрд. теңге көлемінде ақша қаражаты бөлінді.

Тікелей эфир барысында әлеуметтік желі қолданушылары коммерциялық қызметті жүзеге асыру мақсатында үй-жайларды жалға алу, «1000 орын-көше саудасы» бағдарламасына қатысу, iQala қалалық қызмет орталығында шағын және орта бизнес үшін қандай қызметтер алуға болатыны жөнінде сұрақтар қойып, толық ақпарат алды.

Кәсіпкерлік қызметтің аталған түрлері жайлы қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қ., Ә. Мәмбетов к. 24, «Аффари» БО мекенжайы бойынша немесе 55-29-93, 61-35-54 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Posted in Жаңалықтар on Jun 01, 2020