Алтай Көлгінов: бұл алаң – құр сөздің емес, нақты істің алаңы

Алтай Көлгінов: бұл алаң – құр сөздің емес, нақты істің алаңы

Елорда әкімі Алтай Көлгінов iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында кәсіпкерлерді қабылдап, бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесуде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, "жасыл" технологияларды пайдалану, құрылыс материалдарын өндіру үшін базалар салу, машиналарға арналған тұрақ кеңістігін кеңейту, тұрғын үйді бизнеске айналдыру және басқа да мәселелер көтерілді. Алтай Көлгінов бұл алаң – құр сөздің емес, нақты істің алаңы екендігін айтты.

Жалпы, кәсіпкерлермен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Айта кетсек, іQala бірыңғай Қалалық қызметтер орталығы кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша 90-нан аса қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін қызмет түрін 139-ға дейін арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда кәсіпкерлер электр қуаты, жылу мен су, қоқыс шығару және т.б. бойынша шоттарды бір жерде төлей алады. Цифрландыруға көшу аясында қызметтерді онлайн режимде iQala арнайы интернет-порталы арқылы төлеуге болады. Бұдан басқа, 2-қабатта кәсіпкерлерге тренингтер өткізіліп, заңгерлік және маркетинг қызметтері көрсетіледі.

Posted in Жаңалықтар on Nov 01, 2019