Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады

Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады

Астанада елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жәрмеңке әр демалыс күндері Сарыарқа ауданында Соқпақбаев көшесіндегі №21 үйдің жанында өтеді.

Кәсіпкерлер көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, азық-түлік өнімдерінің және ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады

Жәрмеңке 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

52838ab96962c486719ce69808675944_1280x720.jpg Фото: www.gov.kz

Posted in Жаңалықтар on May 23, 2024