Қалада тәртіпті сақтау: бизнеске арналған кеңестер

Қалада тәртіпті сақтау: бизнеске арналған кеңестер

Елордалық кәсіпкерлер үшін қала әкімдігі жыл бойы тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар егжей-тегжейлі ақпарат дайындап, арнайы нұсқаулық әзірледі.

Кеңестер жыл мезгілдері бойынша төрт форматқа бөлінеді: көктем, жаз, күз және қыс. Ұсыныстар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ескере отырып өзгереді.

Мәселен, "Көктем" нұсқаулығы бизнес иелерін шатырларды қардан уақтылы тазартуға және жасыл желектерді тәждеуге және отырғызуға, "Жаз" - ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасауға, суару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ санитарлық тазалауды (сенбіліктерді) тұрақты негізде жүргізуге шақырады. Күзде - кіретін жерге тайғанауға қарсы жабынды орнату және жылыту маусымына дайындалу, ал қыста – кіретін жерге көктайғаққа қарсы қоспамен өңдеу және тұтынушылардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау.

Елордада 230 мыңнан астам ШОБ субъектілері жұмыс істейді, бұл экономикалық белсенді халықтың 75%-ын құрауда. Бизнестің қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға тартылуы - Астананы өркендетіп, басқа өңірлер үшін үлгі болмақ. Бизнес өкілдеріне туған қалаға деген сүйіспеншілік мәдениетін енгізе отырып, қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру міндеті аса өзекті.

Posted in Жаңалықтар on Apr 29, 2024