«СПК «Astana» АҚ электронды аукцион арқылы (www.gosreestr.kz веб-порталы) жоғары баға ұсыну әдісімен сатуға қойылған 5 пәтер, 27 коммерциялық үй-жай, 7 автотұрақ орны мен бір коттедж бойынша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.
Бастапқы бағалар:
Коммерциялық үй-жайлар – 12 616 273 теңгеден бастап;
Пәтерлер – 15 300 098 теңгеден бастап;
Автотұрақ орындары – 2 084 580 теңгеден бастап;
Коттедж – 287 339 188 теңгеден бастап.
Объектілердің таза және қарапайым әрлеуі, ыңғайлы орналасуы, ауданы және басқа сипаттамалармен осы жерде немесе сайттағы «Бос үй-жайлар бойынша конкурс хабарландырулары» бөлімінде танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер www.gosreestr.kz веб-порталында 2025 жылғы 5 мамыр сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 22 мамыр сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 22 мамырда сағат 10:00-де өтеді.
Конкурс өткізу және өтінім беру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75 Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет Электронды пошта: info@astana-spk.kz
Еске саламыз, үшінші аукцион активтерді 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме негізінде жоғары баға ұсыну әдісімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – бастапқы жарна ретінде ең жоғары соманы ұсынған қатысушы болып танылады.
Назар аударыңыз! 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 10:00-де Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайында аталған пәтерлер мен үй-жайлар бойынша нысандарды аралау ұйымдастырылады.