Home Жаңалықтар Елордада ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін 4 жаңа жеңілдетілген қарыз берілді
Елордада ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін 4 жаңа жеңілдетілген қарыз берілді

Елордада ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін 4 жаңа жеңілдетілген қарыз берілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) тізімінен азық-түлік бағаларын ұстап тұру үшін астаналық тұрақтандыру қоры 838,1 млн.теңгеге 4 жаңа жеңілдетілген қарыз берді. Бұл қаражат сүт өнімдерін (сүт, айран, сүзбе, сары май), сиыр етін, картопты, сәбізді және 1-сұрыпты ұннан жасалған нанды нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға бөлінді.

«Қазірдің өзінде «Арай» СҮ, «Сарыарқа» СҮ, «Астықжан», «ВкусМарт», «Aqmol» дүкендерінің сөрелерінде 1 литр сүт пен айранды 240 теңгеге, 1 килограммы 1040 теңге болатын сүзбені және 1 килограммы 2550 тұратын сары майды сатып алуға болады. Сонымен қатар, үй жанындағы 32 дүкенде және Magnum Cash&Carry супермаркетінің барлық дүкендерінде 1-сұрыпты ұннан пісірілген нан 85 теңгеден сатылады.

Жаңа жеңілдетілген қарыздар бойынша 2021 жылдың қараша айынан бастап сиыр етін 1900 тг/кг, сәбізді 88 тг/кг және картопты 94 тг/кг бағаларымен сату жоспарлануда», – деді «Astana» ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Арстан Арсланбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдары астаналық тұрақтандыру қоры 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 16 жеңілдікті қарыз берді. Тұрақтандыру қорынан кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздар Нұр-Сұлтан қаласының дүкендерінде ӘМАТ тізіміне кіретін азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға көмектеседі.

Posted in Жаңалықтар on Aug 05, 2021