Автотұрақ орындары мен коммерциялық мақсаттағы ғимараттар электрондық аукционның үшінші кезеңі аясында сатылымға шығарылды. Автотұрақ орындары: Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 5-үй, "ATLANT 6" тұрғын үй кешені. Коммерцияға арналған ғимараттар: Нұра ауданы, Қазыбек би көшесі, 7/1-үй, "Dauir" тұрғын үй кешені.
Өтініштер www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы 2025 жылғы 10 шілде сағат 08:00-ден 25 шілде сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 10:00-де өтеді.
Аукцион активтерді бастапқы жарнадан кейінгі қалдық сомасына 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен, бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Бұл жағдайда бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – максималды актив құнын ұсынған қатысушы болып танылады.
АО «СПК «Astana» байланыс мәліметтері:
Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.