22 ТАМЫЗДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙЫЗСЫЗ БӨЛІП ТӨЛЕУ ШАРТЫМЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

22 ТАМЫЗДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙЫЗСЫЗ БӨЛІП ТӨЛЕУ ШАРТЫМЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Аукционның екінші кезеңіне екі жер учаскесі шығарылды, олардың ауданы 2,2877 және 5,1344 га. Толық сипаттамаларымен және бастапқы бағаларымен мына жерден танысуға болады.

Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 05 тамыз сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 22 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, екінші аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі және активтерді ай сайынғы төлем шартымен 2 жылға дейін бөліп төлеумен сату қарастырылған. Бұл ретте алғашқы жарнаның мөлшері актив құнының кемінде 50% болуы тиіс. Жеңімпаз ретінде ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы танылады.

Байқауды өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «SPK «Astana» АҚ-ның байланыс деректері

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет электрондық пошта: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on Aug 05, 2025