"Наурыз базары" мерекелік жәрмеңкесіне Түркия, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстаннан келген қолөнершілер қатысады.
Шығыс жәрмеңкесі этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының бай таңдауын ұсынады.
Азық-түлік жәрмеңкесі жұмыс істейтін болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын шығыс тағамдары фестивалі күтеді.
Сонымен қатар, мерекелік концерттер, ұлттық спорт түрлерінен бұқаралық жарыстар, шығармашылық үшін ашық кеңістік аймақтары болады. Жас қонақтар үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылады: арқан тарту, Асық ату, тоғызқұмалақ.
жәрмеңке EXPO алаңында үш күн өтеді:
21 наурыз 13:00-ден 18:00-ге дейін
22 және 23 наурыз 09:00-ден 18:00-ге дейін