Орталықта Төтенше жағдай режимі кезінде 28 570 қызмет көрсетілді, бұл дегеніміз 24 734 қызмет – қала блокпостарынан өтуге рұқсат алулар мен 3 836 қызмет – қала бойынша қозғалуға арналған ШОБ өтініштері.
Бүгінгі күні Орталықта 131 қызмет автоматтандырылды. Өздеріңізге белгілі болғандай, iQala – «бір терезе» қағидаты бойынша әкімдік басқармаларының, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін біріктіретін тұрғындар мен қала биліктерінің өзара іс-қимылының жаңа форматы.
Орталықтың негізгі қызметі бұрын қағаз тасығыштарда көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру; көрсетілетін қызметтер бойынша процестің ашықтығы мен сапалығына қол жеткізу болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, қызметтер онлайн режимде www.iqala.kz порталында және де офлайн форматта iQala кеңселерінде Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша қолжетімді.