Автокөлік, тұрғын емес үй-жайлар, пәтерлер мен тұрақ орындары бойынша өтінімдер қабылдау басталды.
Автокөлік
2015 жылғы қара түсті KIA CADENZA, бастапқы бағасы – 8 164 800 теңге. Бұл лот бойынша үшінші аукцион өткізіледі. Сауда бағаны көтеру әдісімен, активті 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен жүзеге асырылады. Базалық мөлшерлеме Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдаған күнгі ставка бойынша есептеледі.
Тұрғын емес үй-жайлар
Аукционға «Green Town» ТҮК, Күлтегін көшесі, 4-үйде орналасқан қарапайым әрлеудегі 5 нысан қойылған. Бұл елорданың қарқынды дамып жатқан ауданы, бизнесті табысты дамытуға қолайлы. Бастапқы бағасы – 50 868 246 теңгеден басталады. Бұл – екінші аукцион, активтер 2 жылға дейін бөліп төлеу шартымен, ай сайынғы төлеммен сатылмақ.
Пәтерлер
11 маусым күні «Green Town» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 пәтердің бірін аукцион арқылы сатып алуға болады. Аудан толық инфрақұрылыммен қамтылған: мектептер, медицина орталықтары, дүкендер, кафе-мейрамханалар, спорт нысандары мен саябақтар бар. Барлық пәтерлер қарапайым әрлеуде, бастапқы бағасы – 19 642 411 теңге.
Автотұрақ орындары
Аукционға таза әрлеудегі 19 тұрақ орны қойылған. Орналасқан мекенжайлар: Ч. Айтматов көшесі, 33-үй, И. Омаров көшесі, 19 және 27-үйлер. Бастапқы бағасы – 1 669 191 теңгеден басталады.
Нысандардың сипаттамалары және аукцион шарттары туралы толығырақ ақпаратты Қоғамның ресми сайтындағы «Тұрғын емес үй-жайларды басқару» → «Бос үй-жайлар бойынша конкурс хабарландырулары» бөлімінен таба аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша сағат 9:00–18:00 аралығында хабарласыңыз: 8 (7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75.