Құрметті кәсіпкерлер! 12 сәуірде сағат 11.00-де "Astana" ӘКК" АҚ көше саудасы департаментінің директоры Алибек Аубакировпен тікелей эфир өтеді.
Тақырып
"1000 орын - көше саудасы" жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.
Сондай-ақ, сіз өз сұрақтарыңызды біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға алдын ала жаза аласыз: Instagram @astana_akk және Facebook @SECAstana
Трансляция Біздің Instagram аккаунтымызда өтеді.
Жіберіп алмаңыздар!
Анықтама
"Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру туралы" жобаны ("1000 орын – көше саудасы" жобасы) "Astana "ӘКК" АҚ 2015 жылдан бастап іске асырып келеді.
Жоба астаналықтар арасында танымал. Жобаны іске асыру шеңберінде берілген жер учаскелерінде кәсіпкерлер гүлдер, көкөністер мен жемістер, фаст-фуд, кофе, балмұздақ, басқа да азық-түлік өнімдерін сатады.