«1000 орын – көше саудасы» жобасы жайлы сұхбат

«1000 орын – көше саудасы» жобасы жайлы сұхбат

Хабар телеарнасының «Оян» бағдарламасында «Astana» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Көше саудасы департаментінің менеджері Меллятханова Айсауле Мұқаметқалиқызы «1000 орын – көше саудасы» жобасы туралы сұхбат берді.

Сұхбат барысында жоба аясында шағын кәсіпкерлікті қолдау, заманауи және ыңғайлы сауда орындарын құру, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау туралы маңызды ақпарат айтылды.

«1000 орын – көше саудасы» жобасы кәсіпкерлерге эстетикалық әрі ыңғайлы сауда алаңдарын ұсынып, қалалық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосады.

Жобаның толық мәліметін Хабар арнасының жазбасынан көре аласыз.

Posted in Жаңалықтар, БАҚ біз туралы on Dec 04, 2024