«1000 орын – көше саудасы» жобасы туралы білесіз бе?

«1000 орын – көше саудасы» жобасы туралы білесіз бе?

Астана қаласында «1000 орын – көше саудасы» жобасы аясында шағын және орта бизнеске бірқатар мүмкіндіктер ашылуда. Бұл жоба кәсіпкерлерге заманауи павильондар орнату үшін жер телімдерін ұсына отырып, шағын бизнестің дамуына ықпал етеді.

Кәсіпкерлерге көше саудасына арналған жер телімдері аукцион арқылы беріледі. Алдағы аукционға қойылатын жер телімдері туралы толық ақпаратты ресми сайттан және әлеуметтік желілерден таба аласыз. Аукционның болатыны туралы ақпарат екі апта бұрын жарияланады.

Сондай-ақ, қосымша сұрақтар бойынша 55-25-45 нөміріне хабарласуға болады.

Posted in Жаңалықтар on Jan 06, 2025