Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша елордадағы ең табысты бағдарламалардың бірі «1000 орын – көше саудасына» қатысуға өтінішті енді www.iqala.kz онлайн-порталында қалдыруға болады.
Портал астана әкімдігінің бірегей бастамасы – iQala Қалалық қызмет көрсету орталығы аясында жұмыс істейді. IQala орталығы мен порталы елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін құрылған.
Iqala орталығы қаланың коммуналдық және муниципалдық қызметтерінің, әкімдік басқармаларының, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді.
Осы айда «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының кезекті кезеңі өтіп жатқандығын айта кетеміз. Бағдарламаға қатысу сауда павильонын одан әрі орнату үшін қала шегінде жер телімін қосалқы жалдауды болжайды. Бұл кофеханалар, гүл, газет, кәде-сый павильондары, тез тамақтану орындары, балмұздақ, көкөністер мен жемістер павильондары болуы мүмкін.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық негізде қосалқы жалдауға 100 жер телімі беріледі.