Тұрақтандыру қоры

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 «Азық түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қоғам Астана қаласының ауыл шаруашылық өнім нарығына реттеуші ықпал жасау және азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорының бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған арнайы ұйым.

2017 жылға азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде (бұдан әрі – Тұрақтандыру қоры) Астана қаласы Әкімінің 2017 жылғы 19 мамырдағы №102-09 және 2017 жылғы 20 қазандағы №102-22 шешімдеріне сәйкес, Қоғам жалпы сомасы 516 млн. теңгеге 2800 тонна көлемінде бакалея мен көкөніс өнімдерін сатып алды, соның ішінде:

Атауы Көлемі, тонна
Қант 1500
Күріш 500
Қарақұмық 500
Картоп 300

Өткен жылы сатылуға бекітілген қант көлемінен сауда нүктелері арқылы 228,675 тонна қант сатылды. Бұл көлемнің барлығы маусымдық сұраныс кезінде (шілде-тамыз, 2017 жыл) сатылып, нарықтық бағаның көтерілуіне жол бермеу жұмыстарының нәтижесінде қанттың бөлшек саудадағы бағасын 319 теңгеден бір келіге 240 теңгеге дейін түсіру мүмкін болды.

Сатып алынған 500 тонна қарқұмықтың бүгінгі күнге 6 тоннасы игерілді. Төмен көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бағаның күр төмендеуімен, бір жылда 40% арзандауымен түсіндіріледі.

«Лидер» күріш сорты 500 тонна көлемінде сатып алынды. Бүгінгі күнге бөлшек саудада 90 тонна күріш сатылды, өткен ыжлмен салыстырғанда күріш бағасы 19% арзандаған.

«Гала» сортындағы картоп 300 тонна көлемінде сатып алынды, 2017 жылдың желтоқсан айынан ағымдағы жылдың мамыр айына дейін картоп «Шапағат» коммуналдық базарында бөлшек саудаға қойылды. Бүгінгі күнге картоп толығымен сатыдған. Астана қаласының тұрақтандыру қорын басқару комиссиясының сәйкес шешімінен кейін картоптың жаңа көлемін сатып алу жоспарлануда.

Тұрақтандыру қорының өнімдері «Шапағат» коммуналдық базарында сатылады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 69.