Серіктестікке арналған нысандар

«Astana» ӘКК-ның жаңа стратегиялық бағыттарының бірі Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында жүзеге асырылып жатқан елорданың мәдени және спорттық нысандарын сенімді басқаруға алу.

Сенімді басқару ӘКК-на мәдени-спорттық шаралар өткізу арқылы қаладағы ірі нысандарды кезең-кезеңімен бюджеттік қамтамасыз етуден шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге «Барыс Арена» КМА мен «Қазақстан» СС «Astana» ӘКК-ның басқаруына берілді. Алдағы уақытқа «Астана Арена» стадионын, «Алау» МА, «Астана» концерт залын сенімді басқаруға қыбалдап алу жоспарануда.

«Astana» ӘКК-сы ірі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге ниетті серіктестерді тарту аясында жұмыстар атқарылуда. Біз барлық ұсыныстарды қабылдауға және ШОБ өкілдерімен нысандарды коммерциализациялау бағыты бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз.

МЛД Барыс Арена

«Барыс Арена» Көпфункционалды мұз сарайы

«Барыс-Арена» - тек қана спорт түрлері бойынша ғана емес, концерттер, форумдар, түрлі мәдени шаралар қабылдау мүмкіндігі бар көпфункционалды мұз сарайы.
Спорт сарайының мұз айдыны 12000 көрерменге дейін сыйдыра алады. Және айдынды баскетбол, волейбол, мини футбол алаңдарына айналдыруға болады, бокс рингін орналастырып, сахналық алаң құрастыруға мүмкіндік мол.

Ұсынылатын қызметтер:

Аренда түрі Атауы Қызмет түрі
Бір реттік жалға алу Спорт Халықаралық және елшілік деңгейдегі спорттық жарыстар
Бір реттік жалға алу Білім беру Жатығу процестері
Спорттық мектептер
Бір реттік жалға алу Бос уақыт өткізу Халықаралық және елшілік деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар
Кейтеринг
Көрмелер
Скай-бокс
Спорттық шаралар өткізуге арналған іргелес жатқан аумақ
Конференц-сервис
Бір реттік жалға алу Медиа Сыртқы жарнама
Ішкі жарнама
Брендттеу
Сайт
Тұрақты жалға алу Спорт Командаларға жаттығу алаңдары
Конференц-сервис
Тұрақты жалға алу Бос уақыт өткізу Кейтеринг
Көрме залдары
Конференц-сервис
Тұрақты жалға алу Медиа Демеушілік (нейминг)
Сыртқы жарнама
Ішкі жарнама
Сайт
  • «Барыс-Арена» КМС «С» блогындағы бассейн қызметінің бағалар прейскуранты
«Қазақстан» Спорт сарайы

«Қазақстан» Спорт сарайы

2001 жылы ашылған тұста «Қазақстан» Спорт сарайының 4079 көрерменді сыйғызуға мүмкіндігі болған. КХЛ талаптарына сай жарыс өтетін алаң 5500 орыннан кем болмауы тиіс болғандықтан, 2007 жылы қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орын саны 5532-ге жетті. Осылайша спорт сарайы 2008 жылы КХЛ-на қабылданған астаналық «Барыс» хоккей командасының алаңына айналды.
Мұз айдынынан бөлек спорт сарайында 80 орынға арналаған қонақ үй, бассейн (50х25м), балалар бассейні (13х18 м), сондай ақ әр түрлі спорт секциялары арналған спорт залдары бар.
«Қазақстан» спорт сарайы 2017 жылдың қазан айынан бастап «Astana» ӘКК-на сенімді басқаруға берілді.

Ұсынылатын қызмет түрлері:

Аренда түрі Атауы Қызмет түрі
Бір реттік жалға алу Спорт Халықаралық және елшілік деңгейдегі спорттық жарыстар
Бір реттік жалға алу Білім беру Жатығу процестері
Спорттық мектептер
Бір реттік жалға алу Бос уақыт өткізу Халықаралық және елшілік деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар
Кейтеринг
Көрмелер
Скай-бокс
Спорттық шаралар өткізуге арналған іргелес жатқан аумақ
Конференц-сервис
Бір реттік жалға алу Медиа Сыртқы жарнама
Ішкі жарнама
Брендттеу
Сайт
Тұрақты жалға алу Спорт Командаларға жаттығу алаңдары
Конференц-сервис
Тұрақты жалға алу Бос уақыт өткізу Кейтеринг
Көрме залдары
Конференц-сервис
Тұрақты жалға алу Медиа Демеушілік (нейминг)
Сыртқы жарнама
Ішкі жарнама
Сайт
  • «Қазақстан» СС ұсынатын спорт секциялары

Жылжымайтын мүлік

Коммуналдық меншікті басқаруда іскерлік тәсілдерді қолдану - коммуналдық мүлікті басқаруда, оның ішінде тұрғын емес жайлардың жалға алу бағасын анықтауда дифференциалды жүйені (коммерциялық және әлеуметтік жобаларды жіктеу) құруда бизнес тәсілдерді негізге алу.

Басқаруға берілген коммуналдық мүлік негізінде ӘКК-сы бірнеше міндеттерді шешеді:

  • әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру - медицианалық, білім беру орталықтары, спорт залдары, т.б;
  • кәсіпкерлікті қолдау – ШОБ өкілдеріне коммерциялық жайларды жалға беру. Ұсынылатын жайлар нарық бағасынан 40% төмен. Бұл шарт бизнестің дамуына оң ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болады.