1000 ОРЫН. КӨШЕ САУДАСЫ

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы «Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін сауда павильондарын орналастыру» бағдарламасының операторы болып бекітілген. Жоба Астана қаласы әкімі Ә. Жақсыбековтің (19.10.2015ж., №13 «Астана қаласында көше саудасына арналған павильондарды орналастыру туралы» хаттамасы) хаттамасы негізінде жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты көше саудасын реттеу, көше саудасындағы қызмет көрсету деңгейін көтеру, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік рәсімдеуді жеңілдету, қажет стандарттарды ұстану арқылы қалалық стационарлық емес сауда нысандарын ұсыну тәртібінің айқын және оңтайландырылған түрін құру.

Берілген жобада негізінен көше саудасы мен қызметтердің төмендегі түрлері қолданысқа ие: көк-өніс пен жеміс-жидек саудасы, дайын өнімдер (сусындар, балмұздақ, фаст-фуд) саудасы, гүл, баспа өнімдері, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, техникалық сервис қызметі.