Басқарма

Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы

Басқарма Төрағасы

Нұрлан Жақыпов 1978 жылы дүниеге келген. РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтаған. Экономика магистрі дәрежесі бар. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылыЕуразиялық Өнеркәсіптік Қауымдастығында (ENRC) бастаған.

"Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, "Royal Bank of Scotland" АҚ (Kazakhstan) басшылық қызметте болған.

2017 жылдан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі.

«Аstana» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен, 25 желтоқсан 2017 жылы Жақыпов Нұрлан Қаршағаұлы «Аstana» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Канкин Бауыржан Тоқболатұлы

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары

1987 жылы 23 маусымда дүниеге келген.
2008 жылы С. Демирел атындағы Университетті (Алматы қ.) бітірді.
2010 жылы С. Демирел атындағы Университетте (Алматы қ.) экономикалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2007 жылы бастады, «ABN AMRO Bank» АҚ, «Deloitte» ЖШС, «Темiрбанк» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ компанияларында жұмыс істеді.

2011 жылы түрлі компанияларда басшы лауазымдарын атқарды – «Arcelor Mittal Steel» АҚ қаржы директорының орынбасары, «Астана Халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» АҚ Департамент директорының орынбасары.

2015 жылы Union Bancaire Privee (Женева, Швейцария) клиенттерге инвестициялық портфельді басқару және қалыптастыру мәселелері жөніндегі консультант болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары/Басқарма мүшесі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

«Астана Innovations» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС, «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС Бақылаушы кеңесінің мүшесі.

Көшербаев Досбол Айтбайұлы

Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары

1982 жылы 5 маусымда дүниеге келген.
2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

2006 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) «Менеджмент және Маркетинг» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен бітірді.

2011 жылы Уорвик Университетін (Warwick University) (Ұлыбритания) «Жобаларды және бағдарламаларды басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен аяқтады («Болашақ» стипендиясы).

2005 жылы еңбек жолын «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС-та бастады.

Әртүрлі уақытта Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, «Шымкент инновация» ЖШС-та, «Сенім-Табиғат» ЖШС-та басшылық лауазымдарын атқарды. «Технополис» АЭА» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2017 жылғы ақпаннан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Қаржы директоры/Басқарма мүшесі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары/Басқарма мүшесі.

Адамов Талғат Болатұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

1969 жылғы 13 қазанда Алматы қаласында туды.

Еңбек жолын 1986 жылы Алматы облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінде бастады.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін үздік бітірді.

Еңбек жолын Алматы қаласының Прокуратурасында бастаған.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, «Ұлттық әділет қызметі» АҚ-та, «PRIME» Ұлттық агенттігі» ЖШС-та, «Қазгеология» ҰГБК АҚ-та басшы лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы қарашадан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры/Басқарма мүшесі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары/Басқарма мүшесі.

КСРО мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік медальдарымен және төс белгілерімен марапатталды.