Корпорация туралы

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы - жалғыз акционері Астана қаласы әкімдігі болып табылатын өңірлік даму институты.

Қазақстанда Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы Мемлекет басшысына тиесілі. Бірқатар дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесіне сүйеніп бірақатар мемлекеттік активтерді біріктірген және жергілікті іскерлік бастамаларды дамуға бағытталған компаниялар құрылды. «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды.

Қазіргі таңда корпорация өзінің күнделікті қызметінде мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру жолымен кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, бірыңғай экономикалық нарықты кластерлік тәсіл негізінде құруға мүмкіндік туғызады, инвестициялар мен инновацияларды біздің өңірге тарту үшін қолайлы экономикалық орта құрады, өңірді әлеуметтік дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруға ат салысады.

Компания стратегиялық әріптестермен бірге әлеуметтік маңызы бар ортақ инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, қарауға түскен жобаларды іске асырудың қолайлы және тиімді жолдарын анықтай отырып, оларға талдау жасайды.

«Astana» ӘКК» АҚ активтерінің қоржыны өздерінің қызметін әртүрлі секторларда жүзеге асыратын 6 еншілес және 7 тәуелді ұйымдардан тұрады.