Жобалар

«АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖАНАР МАЙ ҚҰЮ СТАНСАЛАРЫ МЕН ГАЗ ҚҰЮ СТАНСАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ»

Жүзеге асыру мерзімі: 2017-2018 жж

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ  жобадағы қатысу үлесі – 9%

Мазмұны:  Жоба бойынша Астана қаласында құрылыстың заманауи технологиялары қолданылған, барлық өндірістік және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына жауап беретін, тұтынушылар үшін тауарлар мен қосымша қызмет түрлерін ұсынатын автокөліктерге май құю стансасы мен газ құю стансаларының құрылысы қарастырылған. Жобада автокөліктерді жанар-жағар майдың барлық дәстүрлі түрлерімен, сұйытылған мұнай газымен, сондай ақ электромобильдерді тегін зарядтау көрсетілген.   

Бүгінгі күнге 3 кешеннің құрылысы аяқталып, қызметін бастады. 2018 жылдың аяғына дейін тағы екі кешеннің құрылысы жоспарланған.

 

«ЖЕТІСУ» САЯБАҒЫ МЕН «АҚЖАЙЫҚ» БАҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ

Жүзеге асыру мезгілі: 2018 ж

Жүзеге асыру орны: Астана қаласы, «Жетісу»  және «Ақжайық» саябағы

Мазмұны:  Жоба бойынша қажет арнайы техника мен құралдармен жабдықталған, барлық маусымдарға арналған фуд-корт павильондарын орналастыру қарастырылған. Жоба Астана қаласының 20 жылдығына орай жүзеге асырылуда.

«ASTANA TAXI» ҚАЛАЛЫҚ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ

Бағдарламаға 546 автокөлік қатысуда

18 автопарктың қызметі біріктірілді

Бюджеттен тыс қатыстырылған инвестиция көлемі: бюджет экономиясы 7,2 млрд. теңгені құрады

  • Автокөліктер мен жүргізушілерге біріңғай сыртқы стиль
  • 13 таксомотрлы компания біріңғай Call – Center – ге қосылған
  • Қала бойынша біріңғай тариф
  • Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принциптерімен жүзеге асырылған
  • KASSA NOVA Банкімен бірге ASTANA TAXI мобильдік қосымшасы қосылып, ақшасыз есеп айырысу мүмкін болды